Аймақтар
1 мин оқу 453
Бурабайдағы таудың биіктігінде өрт тұтанды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«25 қыркүйек сағат 11:13-те Бурабай МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауындағы өрт ауыздықталды. Өрттің алдын ала аумағы 0,03 га (300 ш.м.). Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 200-ден астам адамы және «Бурабай» МҰТП-ның 70 қызметкері жұмылдырылды», деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған. 12 рет көкке көтерілген тікұшақ 36 тонна көлемінде су шашқан.
Өрттің таралу қаупі және зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
