Оқиға
1 мин оқу 300

Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Павлодарда 15 жастағы жасөспірім 14-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйекте полицейлерге сағат 18:00-19:00 аралығында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың 14-қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінде атап өткендей, қазір қажетті шаралар жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бөлісу:
Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті · Egemen Qazaqstan