Оқиға
1 мин оқу 440

Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

<p style="text-align: justify;">Судья&nbsp;Нұрлан Баяхметовтің үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сот үкімі бойынша Қайрат Сатыбалдының дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Антикор Қайрат Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ-ның аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған.

Кейін Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, «Қазақтелекомға» 12 миллиард теңге өтейтін болды. Сондай-ақ күні кеше оның аса сенімді адамы - 1983 жылы туған Қазақстан азаматы Эфенди Кемальға іздеу жарияланды.

Бөлісу:
Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар