ANTIKOR • 25 Қыркүйек, 2022

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қ.Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы - Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль, 1983 жылы туған, бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры анықталды.

Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды.

Ол үшін оған Қ. Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының үш күні ішінде Қ.Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд теңге және 62 млн теңге ақша алған.

Биылғы ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр.

Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.