Қазақстан
1 мин оқу 391

ҰҚК қазақ-ресей шекарасындағы жағдайға түсініктеме берді

<p style="text-align: justify;">ҰҚК әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болған Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда. Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ», делінген ҰҚК хабарламасында.

Бөлісу:
ҰҚК қазақ-ресей шекарасындағы жағдайға түсініктеме берді · Egemen Qazaqstan