Таным
1 мин оқу 1,891

Бағзыдан сыр шертетін қалашық

<p style="text-align: justify;">Қазақ жерінің көне дәуірдің көмбесіндей құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Талай ғасырдан сыр шертетін көне қалашықтың бірі Атырау облысынан табылып отыр.</p>

Бағзыдан сыр шертетін қалашық

Тарихи мекен Махамбет ауда­­нындағы Сарайшық қала­шығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 1 гектар. Бұл қалашықтың ор­нында «Сарайшық» мемле­кеттік музей-қорығы­ның ға­лымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған Ресейден келген ға­лымдар да тартылған.

Археологтер көне қала­шық­­ты зерттеу мақсатындағы қазба жұмысы кезінде мазарға ұқсас нысанды тапты. Бір ерек­шелігі, бұл нысанның ір­ге­тасы, төменгі қабаты осы кез­ге дейін бұзылмай, сол кү­йінде сақталыпты.

– Қалашық құнды жәді­гер­лерге толы екен. А­р­хео­­логтеріміз қыш құмы­ралардың сынығын, орта ға­сырларға тән жә­дігерлерді, ХІV ға­сырдың тиын­дарын та­­уып отыр. Бұл – тә­уелсіз қа­­зақ елінің шежірелі та­ри­хы­на қосылатын құнды жә­дігер­лер, – дейді «Сарай­шық» мемле­кеттік музей-қо­ры­ғы­ның директоры Әбіл­сейіт Мұхтар.

р

Қазба жұмысына қатысқан тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуов­тің айтуына қарағанда, соң­ғы екі жылда 10-ға жуық қала­шық пен елді мекеннің орны ашылыпты. Бұл қала­шық­тар арқылы Сарайшық қала­шы­ғынан үш бағытқа шығатын керуен жолы анық­талып отыр.

– Қазір Қарағайлы деген жерден шағын қалашықтың орны табылды. Жердің бе­тінде жатқан көне заттардың сы­нықтары көп. Соған қара­ғанда, бұл мекеннің тым әрі­ден қоз­ғайтын тарихы бар. Мұны Ал­тын Орда дәуіріндегі Қазақ хандығының қалашығы деп топшылауымызға болады, – дейді Мадияр Елеуов.

Атырау облысы

Бөлісу:
Бағзыдан сыр шертетін қалашық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар