Туризм
2 мин оқу 810

Туризмді дамытуға талпыныс

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында 4 республикалық, 313 жергілікті маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның жетеуі Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне енген. Бұлар &ndash; Махамбет ауданындағы &laquo;Сарайшық&raquo; тарихи-мемориалдық кешені, Жылыой ауданында орналасқан Ақмешіт және Ұшқан ата қорымы, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорғаны, Иманқара кешені, Индер ауданының Қарой жазығындағы Махамбет Өтемісұлының мазары.</p>

Туризмді дамытуға талпыныс

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің мәліметіне сүйенсек, биыл туризм саласына цифрландыруды енгізу мақсатында 6 ескерткішке QR-код орнатылды. Сондай нысандардың қатарында Сарайшық қалашығы, Са­райшық музей қорығы, қазақтың күй анасы атанған Дина Нұрпейісова, әс­кери ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, Әнұран авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Жұмекен Нәжімеденов, қиын кезде өңір тұрғындары азық ретінде қолданған құмаршық өсімдігіне қойыл­ған ескерткіш бар. Енді кез келген адам, оның ішінде өңірге саяхаттап келген туристер QR-код арқылы аталған ескерткіштер туралы 5 тілде ақпарат алуына болады. Тіпті ескерткіштердің 3D көрінісін тамашалауға мүмкіндік жасалып отыр. Бұл үшін «Тarihi jol» қосымшасын жүктеу қажет. QR-кодта ескерткіштердің қай жылы орна­тыл­ғаны, тарихы туралы толық ақпарат жазылған.

– Екі жыл бұрын Атырау облысында туризм саласындағы инвестиция көлемі 20,5 млрд теңгені құраған еді. Ал былтырғы инвестиция 27,5 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 34,15%-ға артты. Өткен жылы ішкі және кіру туризмі бойынша 46 мың 200 адамға 1 млрд 675 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Облыста осы салада қызмет көрсететін 40-тан астам туристік мекеме мен 106 орналастыру орны бар, – дейді Нұрбол Жаңабеков.

л

Оның айтуынша, 2021-2025 жыл­дарға арналған Атырау облы­сының әлеуметтік-экономикалық дамуы­ның кешенді жоспарына сәйкес 10,8 млрд теңгенің 9 инвестициялық жоба­сын жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жобаларда 338 жұмыс орнын ашу жоспар­ланған. Мәселен, «Сарайшық» визит орта­лығының құрылысы бюджет есебінен қаржыландырылса, 8 жоба жеке инвес­тиция есебінен іске асырылып жатыр.

– Кешенді жоспардағы 9 жобаға «Нұрлы тал» этнопаркі, «Keremet park» аттракционы мен белсенді отбасылық демалыс паркі, «Сарайшық» визит-орталығы, «Эльдорадо» демалыс ба­за­­сы, Индер ауданындағы тұзды көл жаға­лауындағы шипажай-сауық­тыру кешені, Құрманғазы ауда­нындағы турис­тік балық аулау базасы мен «Қи­ғаш» туристік базасын қайта жаң­ғырту, Иса­тай ауданын­­дағы «AMANDYQ», Мақат ауданын­дағы кем­пинг кіреді, – дейді облыстық кә­сіп­керлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабаев.

Қазір 4 жоба іске қосылған. Бұлар – «Нұрлы тал» этнопаркі, Құрманғазы ауданындағы екі туристік-демалыс ба­за­сы мен Мақат ауданындағы ашылған кемпинг.

л

Атырау облысы

Бөлісу:
Туризмді дамытуға талпыныс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар