Ауа райы
1 мин оқу 530

Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктерінің мәліметінше, 27-29 қыркүйекте елімізде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«27 қыркүйекте суық антициклон шығыс бағытта белсенді қозғалатын солтүстік-батыс циклонның артына таралады. Оның келуімен республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың қарға, көктайғаққа, тұманға көшуі және ауа температурасының минус мәндеріне дейін төмендеуі күтілуде. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарында термометрлердің түнгі көрсеткіштері -1-ден -6°C-қа дейін төмендейді, күндіз ауа +1-ден +6°C-қа дейін аздап қызады, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз термометр бағандары +15-тен +23°C-қа дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады · Egemen Qazaqstan