Президент
1 мин оқу 400
Президент Қазақстанға еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасына айрықша еңбек сіңірген тұлғаларды марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
- I дәрежелі «Барыс» орденімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман;
- IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы;
- «Парасат» орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай;
- «Парасат» орденімен Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко;
- «Шапағат» медалімен «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.
Бөлісу:
