Қаржы
1 мин оқу 370

Доллар бағамы өсті

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 478,90 теңгені құрап, 1,46 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа бағамы 8,22 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 67,83 теңгені (+0,21) құрады.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 460,38 теңгеге белгілеген.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 480-484 теңгеден, еуроны 457-465 теңгеден, рубльді 7,35-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 27 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,93%-ға көтеріліп, бір баррель үшін 84,84 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қараша айында 1,06%-ға, барреліне 77,52 долларға дейін өсті.

Бөлісу:
Доллар бағамы өсті · Egemen Qazaqstan