Оқиға
1 мин оқу 351

Алматы – Өскемен тас жолының бойында өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Желіде біршама үлкен аумақты қамтыған қара түтіннің видеосы жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысының ТЖ департаментіне Іле ауданы, Алматы-Өскемен тас жолының бойында ағаштың өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 12:52-де түскен. Өтеген батыр ауылының No8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аталған жерге аттанды. Бір техника тартылды.

«Үш гектар аумақта ағаш өртенді. Өрт 14:30-да сөндірілді», деп нақтылады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматы – Өскемен тас жолының бойында өрт шықты · Egemen Qazaqstan