Аймақтар
1 мин оқу 220

Павлодар облысына 8 мыңдай ресейлік енген

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Круктың айтуынша, </span><span class="s2">21-26 қыркүйек аралығында шекаралық бекеттер арқылы Ресейден Павлодар облысына 13&nbsp;284 адам өткен. Қазіргі уақытта өңірде шамамен 8 мыңнан астам ресейлік жүр деп шамалануда.&nbsp;</span></p>

Павлодар облысына 8 мыңдай ресейлік енген

Қазір аймақтағы қонақүйлер 95-98 пайызға толған. Тек хостелдердің 30 пайызы бос тұр.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында  21-26 қыркүйек аралығында ресейлік азаматтардан жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 931 өтініш түскен. Бір ғана 26 қыркүйек күні 508 өтініш қабылданыпты. Адамдардың мұндай нөпіріне шыдамаған Павлодардағы №3 ХҚО қосымша 7 қызмет көрсету үстелін құрып, резидент емес тұлғаларды жеке қабылдауда. Көші-қон қызметтерінде осы күндері 437 ресейлік уақытша тіркелген.

 

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодар облысына 8 мыңдай ресейлік енген · Egemen Qazaqstan