Футбол
1 мин оқу 212
Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен тең ойнады
<p style="text-align: justify;">Минск қаласында өткен оқу-жаттығу аясында 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы кезекті жолдастық ойынын Беларусь командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.</p>
Кездесудегі екі гол да бірінші таймда соғылды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойынның 32-минутында есеп ашса, алаң иелері араға он минут салып Егор Карпицкий соққан голдан кейін таразы басын теңестірді. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов командасы Ресей жастарымен жолдастық матч өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.
Бөлісу:
