Пікір
2 мин оқу 582

Жауапкершілік жүктеген Жолдау

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше назар аударды. Мұның ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын да атап өтті. Әсіресе мектепке дейінгі тәрбие жұмысына назар аударғаны қуантты.</p>

Жауапкершілік жүктеген Жолдау

Шынында да, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен­дей, мек­тепке дейінгі тәрбие жұ­мысы басты назар­да болуы керек. «Алайда бізде екіден ал­ты жасқа дейінгі бала­лар­дың жар­тысынан астамы ғана бала­­бақ­шаға барады. Мұндай олқы­лыққа жол беруге болмайды. Бала­лар­ды бала­бақшамен қам­­та­ма­сыз ету мәсе­ле­сін түп­­­кілік­ті шешу қажет. Оған қо­­са, тәрбиешілердің әлеу­­мет­­­­тік мәр­тебесін артты­рып, жал­ақы­­сын көбей­ту керек. Осы саладағы маман­дарға қойы­­латын нақты талаптар бекі­­­тілуге тиіс. Олардың жұ­­мыс жүк­те­месін де бір­тін­деп азайт­қан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар бі­лім беру са­ла­сы­ның дамуына зор үлес қоса­ды. Сон­дықтан бала­бақ­шаны емес, тәр­бие­шіні ат­­тес­­таттау қажет», деді Президент.

Мемлекет басшысының айт­қан­дары көпшіліктің кө­ке­йінде жүрген дү­ние еді. Сон­дықтан мұны біз, бала­бақ­ша тәр­бие­шілері жақсы қабыл­да­дық. Сон­дай-ақ Президент осы арқылы тәр­бие­шілерге жүк­телетін жауап­кер­шілік­тің қаншалықты зор екенін де аңғартты.

Жалпы, қазіргі заман ағымы тәрбиешілерден жан-жақтылықты талап етеді. Білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отырмаса, бәсеке­ге қабілеттілігі төмендейді. Рас, соң­ғы уақытта әлеуметтік желілер­ден балабақшаларда бала­ларды ұрып-соғу оқиға­ларын байқап қа­лып жүрміз. Қоғамдағы қызу тал­қы­­ла­натын тақырыптардың да бірі­­не айналып барады. Осындай ке­лең­сіздіктерді болдырмас үшін тәр­биешіге артылатын жауапкер­шілікті арттыру керек. Сондықтан тәр­бие­шіні аттестаттау – орынды қадам.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Оқу-ағарту министрлігі келесі жылдан бастап Пре­зидент тапсыр­масы бойынша балабақша тәрбие­шілері­нің, мектептер мен колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өсетінін хабарлады. Сондай-ақ балабақша тәрбиешілері толтыруға мін­дет­ті құжат­тардың саны азая­тыны туралы да айтыл­ды. Біздіңше, мұн­дай жаңа­шыл­дықтардың бәрі тәрбие­шілер­дің жұмысына оң әсер етеді.

Бұған дейін Жолдау секіл­ді іргелі стра­тегиялық құжат­тарда балабақшаға қатысты дүниелер жалпылама ғана айтылатын. Бұл жолы нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан алдағы күннен үлкен үміт күтіп отырған жайымыз бар.

Шолпан РАХИМОВА,

№23 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі

ЕКІБАСТҰЗ

Бөлісу:
Жауапкершілік жүктеген Жолдау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар