Оқиға
1 мин оқу 190

Талдықорғанда екі жасар баланы көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні Талдықорған қаласында Сеңгірбаев көшесінде болған. Бала көлік астына түсіп, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анықталғандай бала өз үйінің жанында ойнап жүрген. «Toyota Cresta» көлігін басқарған 38 жастағы ер адам баланы басып кеткен. Бала оқиға орнында қаза тапты.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

«Облыс полицейлері қайтыс болған баланың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», деп қосты облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Талдықорғанда екі жасар баланы көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan