Хоккей
1 мин оқу 184

ҚХЛ: «Барыс» «Спартакты» жеңді

<p style="text-align: justify;">ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті қонақтық матчта елордалық &laquo;Барыс&raquo; мәскеулік &laquo;Спартакты&raquo; жеңді. Мәскеуде өткен кездесу 3:1 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ойынның бесінші минутында «Спартак» өкілі Захар Арзамасцев елордалық команданың қақпасына шайба соқты. Екінші кезеңде ешкім гол соға алмады.

Бірақ соңғы жиырма минуттың 11-ші секундында Джереми Бракко есепті теңестірді. Содан кейін Аркадий Шестаков алшақтықты арттырды. Ал 54-ші минутта Егор Петухов «Барыстың» табысын бекітті.

Айта кетсек, 2 қазанда «Барыс» «Сочимен» кездеседі.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» «Спартакты» жеңді · Egemen Qazaqstan