Қазақстан
2 мин оқу 340

Роботтехника кабинеттерін жабдықтайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан халқына&raquo; қоғамдық қоры мен &laquo;Арман&raquo; холдингі арасында &laquo;Болашақ инженерлер&raquo; қайырымдылық жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.</p>

Роботтехника кабинеттерін жабдықтайды

Келісімге «Қазақстан хал­қына» қорының басқарма төр­ағасы Болат Жәмішев пен «Ар­ман Holding» халықаралық ком­паниясының президенті Серікбай Бисекеев Астана қаласында өткен «Digital Bridge 2022» цифрлық технологиялар және бизнеске арналған халықаралық форум аясында қол қойды. Жобаны іске асыратын се­ріктес – холдинг құрамына кіретін «Ар­ман Ин­жиниринг» ЖШС.

Ынтымақтастық «Қазақстан халқына» қоры әзірлеген «Болашақ инженерлер» қайырымдылық жобасының іске асырылуының бастамасы болмақ. Жобаның мақ­саты – роботтехниканы зерделеу үшін ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен моноқалаларда балаларға жағдай жасау, инже­нер­лік құзыреттер саласында қол­же­тімді сапалы білім беру ортасын қамтамасыз ету.

«Ауылдық жерлер мен моноқа­лаларда білім беруді дамытудың ма­ңызы зор. Сондықтан балаларға роботтехниканы, бағдарламалауды үйренуге және инженерлік дағды­ларды дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жобаны іске асырып жатырмыз», деп атап өтті «Қазақстан хал­қына» қорының басқарма төр­ағасы Б.Жәмішев.

Жобаның 2022-2026 жылдарға арналған бюджеті 1 млрд 339 млн 668 мың теңге, оның ішінде «Қазақстан халқына» қоры 673 млн 200 мың теңге, Инженерлік білім беруді дамыту қоры 464 млн 508 мың теңге бағыттаса, жер­гілікті атқарушы органдардың қара­жатынан 201 млн 960 мың теңге бөлінеді. Роботтехника каби­неттері Қазақстанның бар­лық облысындағы ауылдарда, аудан­дар мен моноқалада жарақ­тандырылады. 1-6 сынып оқу­шылары бағдарламалау, құрас­тыру, мехатроника, электртехника және басқа да бағыттар бойынша білім алады.

«Arman Holding халықаралық компаниясы бүкіл әлемге арналған өнімдер мен жобаларды дайындау­да. Болашақтың жаңа дағдыларын барша азаматқа, әсіресе шалғай ауылдар мен моноқалалардағы балалар үшін бейімдеп, ана тілі­мізде қолжетімді ететінімізге қуа­ныш­тымын», деді «Арман Holding» президенті Серікбай Бисекеев.

«Қазақстан халқына» қоғам­дық қоры роботтехника кабинет­терін конструктормен және бағдар­л­амалық қамтамасыз етумен жаб­дықтайды. Инженерлік білім бе­руді дамыту қоры ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, ал «Арман Инжиниринг» ЖШС білім беру саласына арналған роботтехникалық шешімдердің отандық өндірушісі ретінде роботтехника кабинеттерін жөндеу мен рәсімдеуді, жиһазбен және оқу-әдістемелік кешенмен жаб­дықтауды, оқытуды ұйымдас­тыру мен мектеп педагогтерін әдісте­мелік қолдауды қаржыландырады.

Жобаға еліміздің 187 мектебі, оның ішінде 160 аудандық және 27 моноқала мектептері қатысады. Сондай-ақ меморандум аясында тараптар «Болашақ инженерлер» жобасын дамытудың Жол картасын әзірледі. Жоба келесі оқу жылында іске қосылады деп жос­парланып отыр.

Бөлісу:
Роботтехника кабинеттерін жабдықтайды · Egemen Qazaqstan