Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды
<p style="text-align: justify;">Үкімет қаулысымен Әсел Жантасова басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әсел Жантасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кембридж университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «ENRC Kazakhstan» өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.
2016-2017 жылдары «Зерде» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.
2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі болды.
