Пікір
2 мин оқу 452

Жеті жыл – жеткілікті уақыт

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің мандатын қайта сайлау құқығынсыз, 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл бастама ел арасында, сарапшылар ортасында және әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Түрлі пікірлер туындады. &laquo;Президент бес жылға бір, сосын жеті жылға бір рет қайта сайлана ма?&raquo; деген сұрақтар да болмай қалған жоқ.</p>

Жеті жыл – жеткілікті уақыт

Жалпы, республика жұртшылы­ғы бұл ұсынысты негізінен ізгілікті демократиялық қадам деп бағалап, қолдады. Алайда жасыратыны жоқ, «бұл өзгерістер таяу мерзімде жүзеге аспайды» деушілер де болды.

Күдік пен сенімнің тайталасы болғандықтан, Парламент Мәжі­лісінің депутаттары президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс енгізді, ол жаңа үлгі бойынша президентті екінші мерзімге қайта сайлау құқығынсыз, 7 жылдық бір мерзімге сайлау тәсілімен өтеді.

Сол себепті Конституцияға президент сайлауы өткеннен кейін емес, оған дейін тиісті өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл өз кезегінде жоғарыда айтылған мәсе­лені құқықтық жолмен реттейді. Осылайша, президенттік өкілеттіктің жалпы мерзімі екі мерзімнен бір мерзімге, яғни 10 жылдан 7 жылға дейін қысқарады.

Президенттік мерзімнің бір рет қана болуы Конституцияның жаңа ережелерінің өзгермейтіндігін белгілеумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Консти­туциясы 91-бабының 2-тарма­ғында белгіленген мемлекеттің тәуел­сіз­дігінен, республиканың біртұ­тастығы мен аумақтық тұтастығынан, оны басқару нысанынан басқа, қайта сайлау құқығынсыз бір реттік 7 жылдық президенттік мерзім туралы жаңа норма қосылады, ол тиісінше Конституцияның өзгермейтін прин­циптері болып қалады.

Президенттік лауазым – ең алдымен ұлы жауапкершілік. Бүкіл халықтың, тұтас мемлекеттің тізгінін ұстайтын тұлға білімді, білікті болуымен қатар аса үлкен жауапкерші­лікті сезінуі шарт. Сөз бен іс үйлесуі керек. Жеті жыл – кез келген мемлекет басшысы үшін сайлауалды бағдарламасын мүлтіксіз орындауға жеткілікті мерзім.

Адамзат тарихы осындай алды-артын болжап болмас саяси-әлеуметтік, турбулентті құбылыстарды бастан кешіп отыр. Қазақ қоғамының да басынан алағай да бұлағай кезеңдер көшіп жатыр. Сондай кезеңдерде елдің көшін – ер түзесе, әділетті ердің ісін – ел жақтаса керек.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Жанарбек ӘШІМЖАН,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Жеті жыл – жеткілікті уақыт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар