Ауа райы
1 мин оқу 120
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше облысында жаңбыр жауып, үсік жүреді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) болады. Кей өңірлерде жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.
Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
Бөлісу:
