Теннис
1 мин оқу 150
Новак Джокович Астанаға келді
<p style="text-align: justify;">Атақты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович кеше Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ktf.kz/press-center/news/?id=7310">ҚТФ-ға</a> сілтеме жасап.</p>
Сербиялық теннисші Astana Open ATP 500 жарысына қатысады.
Ол жексенбі күні мәреге жеткен Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.
Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Астана жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген. Новак бүгін бастапқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.
Бөлісу:
