Театр
1 мин оқу 570

Шолпан Жандарбекованың есімі берілді

<p style="text-align: justify;">Театр тарихында аты алтын әріптермен жазылатын тұлғаның бірі, &laquo;Алаштың Ақтоқтысы&raquo; &ndash; Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл.</p>

Шолпан Жандарбекованың есімі берілді

Қарқаралы топырағынан шыққан сахна саңлағының есімін ұр­пақтар жадында мәңгі қалдыру үшін тағы бір ілкімді іс туған же­рінде жүзеге асты. Атап айтқанда, Үкімет қаулы­сымен туған топы­рағында, Қарқаралы аудандық мәдениет үйі бұдан былай Шол­пан Жандарбекова есімімен аталмақ.

– Белгілі қазақ актрисасы Шолпан Жандарбекованың есімін беру туралы шешім Үкіметтің қаулысымен бекі­тілген. Енді Мәдениет үйі актрисаның есімімен аталады. Мәдениет үйінің сахнасынан біздің атақты жерлесіміздің ізбасарлары көптеп шығарына сенім мол, – дейді Қар­қаралы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Баршын Жұ­ма­ханова.

Өмірі өнермен егіз өрілген Шолпан Жандарбекова 1922 жылы 1 қаңтарда Қарқаралы ауданы Милыбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы театр-көркемсурет училищесін тәмамдаған. Мұх­тар Әуезов атын­дағы қазақ драма театрының актрисасы болған Ш.Жандарбекова 200-ден астам рөл сомдапты. Сонымен қатар кино саласында да, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында да ізі қалған.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы

Бөлісу:
Шолпан Жандарбекованың есімі берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар