Теннис
1 мин оқу 162

Екінші айналымға шықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Чехияның Острава қала&shy;сында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.</p>

Екінші айналымға шықты

Жерлесіміз жүлде қоры 611 210 еуроны құрайтын жарыстың алғашқы айналымында әлемнің 17-ракеткасы америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. Биылдыққа екі теннисші осымен үшінші мәрте бір-бірімен кездесті. «Ролан Гарростың» екінші айналымында өткен бірінші матч­та америкалық теннисші 3:6, 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Кейіннен араға үш ай салып олар АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы WTA тур­ни­рінде бақ сынасты. Өкінішке қарай, бұл жолы да Киздің мерейі үстем болды – 6:2, 6:4.

Ал күні кеше өткен екі теннисшінің арасындағы үшінші бәсеке жерлесіміздің пайдасына аяқталды. Бірінші сетте амери­калық теннисші 7:5 есебімен басым түске­німен, кейінгі екі сетте Е. Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алып, 6:3, 6:3 нәтижесімен қарсыласын тізе бүктірді.

Е.Рыбакина келесі кезеңде әлемнің 16-ракеткасы латвия­лық Елена Остапенко немесе әлемдік рейтингте 31-сатыда тұр­ған Беларусь өкілі Александра Сасновичтің бірімен ойнайды.

Бөлісу:
Екінші айналымға шықты · Egemen Qazaqstan