Түрікменстан президенті Қазақстанға келеді
<p style="text-align: justify;">Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Саяси консультациялар барысында белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бейнеконференция форматында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен қазақстандық-түрікмен саяси консультациялар өтті.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабатқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының 6-шы АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және «Орталық Азия - Ресей» саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды», делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
