Қоғам
1 мин оқу 196

Журналистер арасындағы жарыс

<p style="text-align: justify;">Халықаралық Тараз иннова&shy;циялық институтының ұйытқы болуымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай бильярдтан БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылды. Бұл додада жас журналистер мен ардагер журналистер екі санат бойынша топқа түсті.</p>

Журналистер арасындағы жарыс

Бильярдтің еркін пирамида деп аталатын түрі бойынша өткізілген доданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген оқу ордасының президенті, об­лыстық мәслихаттың депутаты Ерболат Сау­рықов турнир жыл сайын дәстүрлі түрде ұйым­дас­тырылатынын тілге тиек етті.

Тілшілер арасындағы турнир тар­тысқа толы жағдайда өтті. Жарыс қор­тындысында көптеген ірі додада жүлделі орындардан көрініп жүрген Шу аудандық «Шу өңірі» газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған кезекті мәрте өзінің шеберлігін дәлелдеп, жеңістің ең биік тұғы­рынан көрінді. Екінші орын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас­­­пасөз хатшысы Серік Тәжі­бай­ға бұйырса, жас журналист Самат Сатылғанов үздік үш­тікті түйіндеді. Ардагерлер ара­сын­дағы са­йыста белгілі жур­на­лист, Қазақстан Жа­зушы­лар ода­ғының мүшесі Бекет Мо­мын­құлдың асығы алшысынан түсті.

Турнир барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен жүл­дегерлер мен өзге де журналистер қауымы арнайы қаржылай сыйлықпен марапатталды. Осылайша, өңірдегі жалғыз же­­кеменшік жоғары оқу орны Шер­ағаның мерей­тойын елеусіз қалдырған жоқ. Дәл осы білім ордасында «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеп тұрғанын айта кеткен жөн. Қазан айының соңында өтетін Шерағаның мерейтойында Халық­аралық Тараз инновациялық институтына Шерхан Мұртазаның есімі берілмек.

Тараз

Бөлісу:
Журналистер арасындағы жарыс · Egemen Qazaqstan