Оқиға
1 мин оқу 280

Шу тұрғынынан 38 келі есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Шу ауданының аумағындағы &laquo;Шу-Меркі&raquo; тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға аймақта 50 жастағы тұрғынынан&nbsp;жалпы салмағы 38 келіден асатын &laquo;каннабис өсімдігі&raquo; табылып, тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Шу тұрғынынан 38 келі есірткі тәркіленді · Egemen Qazaqstan