Тағайындау
1 мин оқу 640

Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді.

Бақыт Сұлтанов 2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметін атқарған. 2006 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010-2013 жылдар аралығында Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі.

2018-2022 жылдар аралығында Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметтерін атқарған.

15 тамызда Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Бақыт Сұлтанов қант тапшылығы мен оны сатудағы дүрбелең үшін президенттен сөгіс алды.

Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды · Egemen Qazaqstan