Пікір
1 мин оқу 450

Белсенділік көрсететін сәт

<p style="text-align: justify;">Түрлі оқиғаларға толы 2022 жыл Қазақстан тарихындағы бетбұрысты белеске айналды. Билік құрылымында үлкен өзгерістер жүзеге асты. Конституциялық қайта құру билікті демократияландыруға және оны монополияландырудан бас тартуға бағытталды.</p>

Белсенділік көрсететін сәт

Жыл басынан бері тек өзгерістерге ғана емес, сондай-ақ президенттік және партиялық сайлау платформаларында оларды жүйелі түрде рәсімдеуге деген қажеттілік айқындалды. Ол үшін жаңа президенттік және парламенттік сайлау жарияланды.

Ел ішіндегі саяси алаңда Қазақстан­ның айқын өзін-өзі анықтауы, болашақ Президенттің халық бірлігінің кепілі ретіндегі іс-қимылының айқын бағдар­ламасы реформаларды одан әрі дәйекті және тұрақты іске асыру үшін халықтың сұранысын қанағаттандыруға тиіс.

Конституциялық сайлау талаптарына сай келетін үміткерлердің ел дамуына қатысты өз көз­қарасын ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Қоғам­дық бірлестіктер жағ­дайдың өзіндік мони­торингіне, дерек­терді талдауға сүйене оты­рып, халық­тың мүдделерін артикуляция­лау үшін өз көшбасшыларын ұсына алады. Бұл элек­торалдық белсенділікті көрсетудің жақсы мүмкіндігі.

Жыл басынан бері кейбір сарапшылар болжап отырған президенттік сайлау Қазақ­станды жаңа тарих кезеңіне түпкілікті шығарып, әділ мемлекет қалыптастыруға бағытталған.

Биылғы жолдауларда және референдумда қабылданған қадамдарда қазіргі билік­тің негізгі бағыттары белгіленген. Олар сай­лауда жеңіске жеткен жағдайда билік дәл сол қадамдарды ұстануға ниетті. Бұл – өт­кен тәжірибе мен болашақтың сын-қатер­лерін ескере отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыт­талған қадам.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Татьяна ЛИПИНА,

Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері

Бөлісу:
Белсенділік көрсететін сәт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар