Спорт
1 мин оқу 100

Финалға шыға алмады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннистен әйелдер арасындағы Қазақ&shy;станның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Чехияның Ос&shy;трава қаласында өткен WTA 500 сана&shy;&shy;тындағы турнирдің жартылай фи&shy;налын&shy;да жеңіліп қалды.</p>

Финалға шыға алмады

Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 20-ракеткасы чехиялық Петра Квитованы екі сетте – 7:6, 6:4 есебімен сүріндіргенімен, жартылай финалда тағы бір чехиялық теннисші – Барбора Крейчиковадан айласын асыра алмады. Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған корт иесі алғашқы партияда жерлесімізге еш қар­сылық көрсете алмай, 6:3 есебімен жол берді.

Екінші сетте екі теннисші де өз геймдерінде сәтті ойнап, бірде-бір қателік жасаған жоқ. Ал тай-брейкте Б.Крейчикованың бағы жанып, таразы басын теңестірді – 7:6 (7:4). Үшінші, ше­шуші партияда Рыбакинаға қара­ған­да че­хиялық спортшыда жеңіске деген құл­шыныс анық байқалып тұрды. Нәти­жесінде, Барбора Крейчикова екі брейк жасап, 6:4 есебімен Еленадан жеңісті жұлып алды.

Бөлісу:
Финалға шыға алмады · Egemen Qazaqstan