Қазақстанда нан бағасы 19%-ға өсті
<p style="text-align: justify;">Талдаушылардың есептеуі бойынша Қазақстанда нан бағасы жыл ішінде 19%-ға өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Energyprom зерттеуінде атап өтілгендей бір жыл ішінде нанның құны 19,4%-ға өсті.
«Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 14,4%-ға, кесілген нан бағасы 28,1%-ға өсті», делінген басылымда.
Сарапшылардың пікірінше, нан елдің барлық аймақтарында қымбаттады. Соның ішінде Ұлытау облысында нан бағасы бірден 48,3%-ға, Ақмола облысында 27,6%-ға, Алматыда 25,8%-ға өсті.
Energyprom зерттеушілерінің айтуынша, қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда бидай нанын аз тұтынады: 7,2 кг және 7,8 кг.
«Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Сектордағы шығарылымның төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі болды. Топ-3 өңірде Алматы мен Ақтөбе облысы да болды», делінген баяндамада.
