Тағайындау
1 мин оқу 721

Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Президент Әкімшілігінің және Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың келісімімен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың өкімімен Базарбаев Руслан Ерланұлы Семей қаласы әкімнің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ол еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. «Қазтехнология» АҚ бас менеджері, сондай - ақ, Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеген.

Бөлісу: