Қоғам
1 мин оқу 720

Гибралтар бұғазын жүзіп өтті

<p style="text-align: justify;">Асау толқындары аласұрған Кас&shy;пий теңізінде жүзіп жат&shy;тық&shy;&shy;қан жігіт қиын сынақтан сүрінбей өтті.</p>

Гибралтар бұғазын жүзіп өтті

Жүзу жарысына қа­тысқан Ақтау қала­сы­­ның тұрғыны Құрал Жо­ла­­­ман 30 қыркүйекте Ис­­­­па­ния­дан Мароккоға дейінгі 16,7 шақырымды жү­­­зіп өтті. Құралдың су­дағы сапары Африка жаға­лау­ларына қарай Еуро­па­ның оңтүстіктегі шеткі нүк­те­сі  Тарифадан басталды.

Испанияның Тарифа­сынан Марокконың Пунта-Сиреске нүктесіне дейінгі ең қысқа қашықтық  –  14,4 шақырым, бірақ ағыстың қатты болуы салдарынан жол ұзарып, жүзушілер 16-22 шақырым қашықтықты бағындырады.

Гибралтар бұғазы – Ат­лант мұхитын Жерорта теңізімен байланыстыратын Еуропа мен Африка құрлығы арасындағы бұғаз. Құрал Жоламан Гибрал­тар бұғазын су киімінсіз 5 сағат 58 минутта жүзіп өткен.

– Құрал бұған дейін Ыстанбұлда құрлықаралық жүзуге қатысқан. Ол Бос­­фор бұғазын жүзіп өтіп, 6,5 ша­қырымды бағын­дырды. Каспий теңізінде Гибралтар бұғазы арқы­лы жүзуге дайын­далды. Ги­бралтардан өту оңай емес, жел қатты, толқын күшті және суы суық. Құрал – 740 жү­зушінің ішінен Гибрал­тар­ды су киімінсіз кесіп өт­кен бірінші қазақ. Ал­дағы уақытта ұлымның бү­кіл мұхитты бағындыру жос­­пары бар, – дейді экстремал спортшының әкесі Толыбай Таласбаев.

о

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Гибралтар бұғазын жүзіп өтті · Egemen Qazaqstan