Оқиға
1 мин оқу 290

Қытай аумағында тағы да жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі 11 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 08:35-те үшінші жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 346 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. Магнитудасы MPV - 4.0. Эпицентр координаттары 42,11° солтүстік 80,86° E. Тереңдігі - 25 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген. 

Сондай-ақ 11 қазанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08:07-де Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 346 шақырым жерде Қытайда екінші жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV магнитудасы - 4,1. Эпицентр координаттары 42,06° солтүстік 80,83°Ш Тереңдігі - 20 км. 

Айта кетейік, жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген. 

Бөлісу:
Қытай аумағында тағы да жер сілкінді · Egemen Qazaqstan