Футбол
1 мин оқу 232
U-19: Қазақстан қыздар құрамасы Андорраны ұтты
<p style="text-align: justify;">Қазақстан мен Андорра қыздарының арасындағы матч кеше Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚФФ-ға сілтеме жасап.</p>
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2022-2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытынды ойынын Андоррамен өткізді.
Кездесуде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да Анастасия Тян соқты.
Іріктеу кезеңінде үш ұпай жинаған біздің қыздар өз тобында екінші орын алды.
Бөлісу:
