Сайлау
1 мин оқу 451

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттікке кандидат ретінде тіркелді

<p style="text-align: justify;">Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының&nbsp;Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы Қаулы жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулысына сәйкес Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі беріледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынды. 

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттікке кандидат ретінде тіркелді · Egemen Qazaqstan