Оқиға
1 мин оқу 172
Атырауда жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқан оқушы анықталды
<p style="text-align: justify;">12 қазан күні сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры «сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама алғанын жеткізген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады. Көрінеу жалған хабарлама берген сол мектептің 2008 жылы туған оқушысы анықталды. Ол Атырау қалалық полиция басқармасына ата-анасымен бірге шақыртылды», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Бөлісу:

