Қоғам
1 мин оқу 311

Арандатушылық бағыттағы ақпараттар көбейіп кетті – Дархан Қыдырәлі

<p style="text-align: justify;">Кейінгі кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кетті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі. Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз», деп жазылған мәтінде.

Бөлісу:
Арандатушылық бағыттағы ақпараттар көбейіп кетті – Дархан Қыдырәлі · Egemen Qazaqstan