Қазақстанда такси бағасы 9% қымбаттаған
<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері Қазақстанда такси бағасы 9%-ға көтерілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ranking.kz порталына сілтеме жасап. </p> <p> </p>
Ranking.kz деректері бойынша, Қазақстанда такси бағасы ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір қымбат.
Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құраса, арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында екен. ТМД елдерімен салыстырсақ, Әзербайжан мен Ресейде баға қымбатырақ, ал Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда такси бағасы Қазақстанға қарағанда біршама арзан.

Сондай-ақ қаңтар - тамыздағы статистика бойынша такси қызметін ұсынатын компаниялардың жылдық кірісі 6,4% көбейіп, 3 млрд теңгені құраған.
