Оқиға
1 мин оқу 230

Алматы тауларында ірі өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Өрт 17 қазан күні таңертең сағат 10:00 шамасында Ақсай шатқалында басталған.&nbsp;Оқиға орнында түсірілген <a href="https://www.instagram.com/p/CjzQiYFKhcS/">видео</a> әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кезекші бөлімшенің басқару пультіне Райымбек ауылдық округі, Көкласай саяжайы маңында өрт шыққаны туралы хабарлама таңғы сағат 10.00-де түскен. 

«Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен үш арнайы техника жөнелтілді. Сонымен қатар Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің 20 қызметкері мен арнайы төрт өрт сөндіру техникасы жіберілді.

Өрт сөндірушілері аталған орынға 10.39-да жеткен. Кейін тау баурайында, шамамен 10 га аумақта шөп бағанасында өрт шыққаны анықталды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», деді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Алматы тауларында ірі өрт шықты · Egemen Qazaqstan