Театр
2 мин оқу 495

Шолпан жұлдыз фестивалі

<p style="text-align: justify;">Бас шаһарда театр тойы! Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18-23 қазан аралығында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтіп жатыр.</p>

Шолпан жұлдыз фестивалі

Алты күнге созылатын айтулы театр думанына сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеліп алынған барлығы 10 спекталь қатысады. Республиканың түк­пір-түкпірінен таңдалған үздік қо­йылымдар қатарында – С.Қожам­құлов атындағы Жезқазған қа­зақ музыкалы-драма театрының «Жұт» (авторы – О.Жанайдаров), Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры­ның «Оян, қалыңдық» (авторы – Г.Лорка), Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Боранды бекет» (Ш.Айтматов), Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік Семей орыс драма театрының «Кішкентай ханзада» (А.Экзюпери), Ақ­мо­ла облыстық орыс драма театры­ның «Шағала» (А.Чехов), Қ.Қуа­нышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Алтайдан ауған ел» (Х.Алтай, Х.Оралтай), С.Сейфуллин атындағы Қараған­ды облыстық академиялық қазақ драма театрының «Текебұрқақ» (Ш.Мұртаза), М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Найзағай» (А.Островский), Түркістан музы­­калық драма театрының «Қор­қыт» (Е.Аманшаев) және Рес­публикалық академиялық не­міс драма театрының «Андорра» (М.Фриш) спектакльдері бар.

Театр тартуы мұнымен таусылмайды. Фестиваль аясында сондай-ақ көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреа­ты, КСРО халық әртісі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөң­гелек үстел, Ш.Жандарбекова шы­ғармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме, Ерғазы Төлеу­дің «Шолпан жұлдыз» атты кіта­бының тұсаукесері өтеді. Сахна саң­лағының көзін көрген театр қайраткерлері, төл шәкірттері, зия­лы қауым өкілдері аңыз актриса туралы естелік айтып, тағылымы мол әңгімелерін ортаға салады деп күтілуде.

Одан бөлек, айтулы өнер мей­­рамы аясында сонымен қа­тар Қа­зақ­станның халық әртісі Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылды­ғына арналған іс-шаралар да жос­пар­ланған. Атап айтсақ, 18 қазан күні сағат 10.00-де «Қаллеки» театрының алғашқы құрылу жылдарында ұжымға жетекшілік етіп, репертуарының қалыптасуына өзіндік еңбегін сіңірген Қазақ­станның халық әртісі, режиссер Қадыр Жетпісбаевтың 80 жыл­дығына арналған қос томдық кітап­тың тұсаукесері және «Бала мер­ген» қойылымының премье­расы өтеді. Алты күн бойы Арқа аты­рабын өнер думанымен дүбір­лететін театр мерекесінің көрер­меніне ұсынар тартуы мол.

п

Бөлісу:
Шолпан жұлдыз фестивалі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар