Аймақтар
1 мин оқу 230
Ақтауда сағыз ұрлаған 2 жігіт ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ақтауда құны 33 мың теңгені құрайтын сағыз ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
9 қазан күні Ақтау қаласында орналасқан супермаркет желілерінің бірінен 180 дана сағыз қолды болды. Анықталғандай, екі жігіт касса жанындағы сөреден 6 қорап «Оrbit» сағызын ұрлаған. Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы сомасы 33 000 теңгені құрайды.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 және 30 жастағы күдіктілерді ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Бөлісу:
