Туризм
2 мин оқу 150

Сыр сафариі

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері облысқа сапарлаған туристер саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген. Олар негізінен тартылған теңіз табанында серуендеуге, Қамбаштың емдік суларына, Көкарал мен Барсакелмес қорығына қызы&shy;ғушылық танытып отыр. Келушілер арасында өңірдегі ежелгі қалашықтарды аралап, тарихын тани түскісі келетіндер де көп.</p>

Сыр сафариі

Арал ауданындағы өнер­кәсіптік нысандар да турис­тер назарын аударып отыр. Олар­ға ыңғайлы болуы үшін Қам­баш көліне кірме жолдар жөнделіп, 100 орындық ав­то­тұрақ салынды. Ауданда жол тал­ғамайтын көліктермен сафа­ри жасау, түйелермен серуендеу бағытындағы экожобалар әзір­леніп жатыр.

– Жақын және алыс шетелдерден келгендер арасында біз­дегі 9 балық өңдеу зауытының жұмысына қызығушылар бар, – дейді Арал аудандық кә­сіп­керлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Данияр Қаржаубаев. – Сондай-ақ суы мөлдір Камбаш көліне бара­тындар көп. Көл қазір Қазақ­стан­дағы 50 үздік туристік нысан қатарына енді. Жыл сайын осы демалыс аумағына 100 мың­ға жуық турист келеді.

Өңірде медициналық және экотуризмді дамытуға ден қойы­лып отыр. Жыл басынан бері Сырға келген 50 мыңнан астам адамның 20 мыңы медициналық мекемелерді, қалғандары эколо­гиялық және ғарыштық экскурсияларды таңдаған. Бірақ осы сұра­нысқа ие болып отырған соң­ғы ба­ғытты толық жүзеге асыру үшін бірқатар мәселе шешімін табуға тиіс.

– Шетелдік туристердің Бай­қоңырға келуіне рұқсат бере­тін құжаттарды тексеруге 55 күн кетеді, – дейді облыстық кә­сіп­керлік және өнеркәсіп бас­қар­масының бөлім басшысы Мұхтар Жетілгенов. – Қазір ресей­лік әріптестермен осы мер­зімді 15-20 күнге дейін қысқартуды пысықтап жатырмыз. Қазақ­стандық турфирмалар үшін ғарыш айлағына кіру мүмкіндігі шектеулі екендігі де көп жұмысқа кедергі болып отыр. Бұл мәселе екі ел Үкіметі деңгейінде қара­латын болады.

Қызылорда облысы

Бөлісу: