Қазақстан
1 мин оқу 230

Биыл кәсіпорындарда зардап шеккендер саны азайған

<p style="text-align: justify;">Биыл тоғыз айда еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сондай-ақ биыл 134 адам қаза тапты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4,3%-ға төмен. 

«Жазатайым оқиғалар негізінен жұмысшылардың абайсыздығынан болып жатады. Бұл ретте Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жарақаттанудың жоғары деңгейі жиірек болады. Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында және құрылыс саласында байқалады»,   деді Төлеген Оспанқұлов.

Бөлісу:
Биыл кәсіпорындарда зардап шеккендер саны азайған · Egemen Qazaqstan