Қазақстан
1 мин оқу 371

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 18:00-де &nbsp;Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат жүргізу кезеңі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өтті.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін сағат 18:00-де басталды. Бұл науқан 28 күнге созылады.

Еске сала кетейік, 12 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Кейін «Қазақстан кәсіподақтары достастығы» «Аманат» республикалық қоғамдық ұйымынан Мейрам Қажыкен Президенттікке кандидат болып тіркелді.

17 қазанда ОСК «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевты тіркеді.

Президенттікке тіркелген төртінші үміткер қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден «Ұлттық кәсіпқойлар альянсы» ҮЕҰ-дан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. 

20 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Сол күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан ҚР Президенттігіне кандидат болып Нұрлан Әуесбаев ұсынылды.

Айта кетейік, Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді. 

Бөлісу:
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды · Egemen Qazaqstan