Саясат
1 мин оқу 483

Алты кандидат сайлауға түседі

<p style="text-align: justify;">Кеше Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталып, сайлау алдындағы үгіт жұмыстары басталды. Бұл туралы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.</p>

Алты кандидат сайлауға түседі

Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне 6 кандидатты тіркеді. Олар – Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова және Нұрлан Әуесбаев. Үміткерлердің біреуі – мемлекеттік қызметкер, біреуі – коммерциялық құрылымның өкілі, төртеуі – үкіметтік емес сектордың өкілі, оның біреуі саяси партияның өкілі.

Отырыста Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова 21 қазан сағат 18.00-ден бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанын хабарлады. Ол 19 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Атап өтілгендей, сайлау алдындағы үгіт үш жолмен жүзеге асырылады: 1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; 2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу арқылы; 3) баспа,
аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы.

Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конститутциялық заңға сәйкес Прези­денттікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікір­сайыстарын ұйымдастырып, оларды өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейтінін айтты. Орта­лық сайлау комиссиясының қаулысымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастар осы жылғы 11 қарашада «Хабар» телеарнасының эфирінде өтеді деп бекітілді.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі таңда 4 халықаралық ұйым мен 4 шет мемлекеттен 76 халықаралық байқаушы аккредиттелгенін хабарлады. Шет мем­лекеттер мен халықаралық ұйымдардың бай­қаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 14 қараша сағат
18:00-ге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Алты кандидат сайлауға түседі · Egemen Qazaqstan