Қоғам
1 мин оқу 293

Жастар бәсекесі

<p style="text-align: justify;">Қызылордада облыстық &laquo;Жастар ресурстық орталығы&raquo; КММ ұйымдастыруымен &laquo;Syr Jastary&raquo; атты веложарыс өтті. Республика күніне орай жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен велоспортты дамытуды көздеген сайысқа 50-ге жуық жас қатысты.</p>

Жастар бәсекесі

Облыстық «Жастар ресурс­тық орталығы» КММ директоры Талғат Оспанұлы барша қаты­сушыларды ұлттық мере­ке­мен құттықтап, сайысқа сәт­тілік тіледі.

«Болашақ» университеті жанынан басталып «Эдельвейс» айналма жолынан мәреге қай­та оралған 20 шақырымдық топтық сайысқа №3 облыстық веломектебі бекіткен төрешілер алқасы қазылық етті. Сайыс қо­рытындысына сәйкес, жеңіс тұғы­рының бірінші орнына Асыл­хан Тұрар көтерілсе, II орын жүлдесін Саят Айдархан ие­ленді. Үздік үштік қатарын Диас Тұрат түйіндеді.

Қыздар арасында Әлия Өтеген I орынды иеленсе, Ға­лия Қуатбаева екінші, Інжу Асыл­бек үшінші орын иесі атанды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық қо­ғам­дық даму басқармасы Жас­тар ресурстық орталығының дипломдары, арнайы медальдары және қаржылай сыйлықтары табыс­талды.

Жалпы, облыстағы мере­келік іс-шараларға жастар үлкен үлес қосты. Аймақта бір мезетте 40 мыңға жуық адам Мем­лекеттік Әнұран орын­дап, «Патриотизм дауысы» деп аталған осы іс-шара­ға өңірдегі мектептер мен оқу орын­да­рының шәкірттері қатыс­ты. Одан бөлек, қала орталы­ғын­дағы «Арай Сити Молл» сауда үйінде жастардың қаты­суы­­мен концерттік бағдарлама ұйым­дастырылады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Жастар бәсекесі · Egemen Qazaqstan