Әлем
1 мин оқу 210

Сеулдегі Хэллоуин кешінде қаза тапқандар саны 154 адамға жетті

<p style="text-align: justify;">Сеулдегі Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқандар саны өсіп жатыр. Қазіргі уақытта олардың саны 154 адамға жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.</p>

«Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 154 адамға жетті», делінген агенттік хабарламасында.

153 адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болғандардың қатарында 14 елден 26 шетелдік бар.

Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы да болғаны хабарланған еді.

Құрбан болған 154 адамның 98-і әйел адамдар. тағы 56-сы ер адамдар. Сондай-ақ 133 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Полицейлердің айтуынша, құрбан болғандардың саны артуы мүмкін.

Соңғы деректерге қарағанда оқиға орын алған Итэвон ауданында 100 мыңға жуық адам болған.

Бөлісу:
Сеулдегі Хэллоуин кешінде қаза тапқандар саны 154 адамға жетті · Egemen Qazaqstan