Тағайындау
1 мин оқу 420

ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының басшысы ауысты

<p style="text-align: justify;">Рустам Албаев Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ПІБ сайтына <a href="https://www.udp-rk.kz/kz/kr-prezidenti-is-baskarmasynyn-medicinalyk-ortalygynda-kadrlyk-ozgerister-boldy-3191542">сілтеме</a> жасап.</p>

Р. Албаев Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді. Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс Басқармасының Медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.

Бөлісу:
ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының басшысы ауысты · Egemen Qazaqstan