Қазақстан
1 мин оқу 570

Ғылым комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетін басқарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Ахмед-Заки 2020 жылдың тамызынан осы уақытқа дейін Астана IT университетінің ректоры, 2017-2020 жылдары Халықаралық бизнес университетінің президенті, одан бұрын 2016-2017 жж. Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарған. 

Бөлісу:
Ғылым комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды · Egemen Qazaqstan