Қоғам
1 мин оқу 480

Білімді балалар байқауы

<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен &laquo;Қазақстандық қоғамдық даму институты&raquo; КеАҚ Балалар жылы аясында еліміз бойынша мектеп оқушылары арасында балалар оқуы байқауын ұйымдастырған болатын.</p>

Білімді балалар байқауы

Еліміздің барлық қиырын қамтыған байқаудан жамбылдық балдырғандар да тыс қалған жоқ. Облыстық білім бас­қармасына қарасты «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орта­лығының бастамасымен қолға алын­ған іс-шара Тараз қаласындағы №13 орта мек­тептің базасында өтті. Оған Тараз қала­сындағы орта білім беретін мектептердің 50 оқушысы қатысып, өздерінің ізденіс ізіне түскендерін байқатты.

Жалпы алғанда, 3-10 сынып оқушы­ларын қамтыған байқауда білім алушылар жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады. Олар «әдебиет» порталы интернет жобасында жарияланған қазақстандық және шетелдік әдеби кітаптарды сілтемелер арқылы оқыды, жаңа тұрпаттағы әде­биетті көңілдеріне тоқыды. Өздері оқыған кітаптар бойынша ұстаздар тарапынан берілген тапсырмаларды тас-түйін орындаған үздік оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Көркем әдебиетке ден қойған 27 бала жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, 4 оқушы қатарынан оза шауып, жеңімпаз атанса, 8 оқушы екінші орынға, 15 оқушы үшінші орынға лайық деп танылды.

«Көркем әдебиет қай кезде де бізді қанаттандырады. Әрбір шығарма­дағы кейіпкерлердің мінез-құлқы, қаламгер­лердің жазу шеберлігі, тақырыптың өзек­тілігі біздің замандастарды ойландырмай қой­майды. Барлық білім атаулы кітапта еке­нін жақсы түсінеміз. Білім іздегеннің оза­тынын, бүлік іздегеннің тозатынын сезі­неміз. Сондықтан да осындай бай­қау­лар жиі ұйымдастырылып тұрса одан еш­кім ұтылмайды», дейді байқауда жүлде ал­ған үз­дік оқушылар жүздері бал-бұл жанып.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Білімді балалар байқауы · Egemen Qazaqstan